Бәсекеге қабілетті жаһандану заманында өмір сүріп келе жатқан халықпыз.Білім, ғылым, мәдениет, спорт салаларында жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуде елімізде арнайы жобалар жүргізіліп жатыр.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан,әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында...», - деген екен. Осындай міндеттерді жүзеге асыру аясында №63 «Әсем-Ай» балабақшасында «Цифрлы Қазақстан» жобасы бойынша арнайы жабдықталған «Робототехника», «Скалодром», «Интерактивті құм» кабинеттері жұмыс жасайды.«Ел боламын десең-бесігіңді түзе» дегендей, өсіп келе жатқан жас балғындардың бойына ұлттық рух пен жігер ,қайрат, сабырлылық, ұшқыр ойды ұялату мақсатында біздің мамандарымыз үлкен жұмыс атқаруда.
«Скалодром» үйірмесі-балалардың денсаулығына, физиологиялық дамуына, сонымен қатар күш пен төзімнің қалыптасуына өз септігін тигізеді. Интерактивті ойындар арқылы балалар мұратқа жетудің жолдарын өрмелеу, секіру әдістерімен көрсетеді. Сондай-ақ, балалар үйірмеде логикалық ойындарды орындай отыра, тығырықтан шығу жолдарын іздеп, үлкен құлшыныспен үйірмеге келеді. Жетекшісі, спорт нұсқаушысы: Кусаинов Ерлан.
«Интерактивті құм» - үйірмесі- балалардың денсаулығына, психологиялық және физиологиялық дамуына зор үлес қосатын үйірменің бірі. Сиқырлы құммен жұмыс жасап отырған балғындар, өз айналасындағы балалармен қарым-қатынас жасай отырып, ұшқыр қиял мен арман кемесіне мінгендей болып, интерактивті ойындарды ойнап, ұсақ қол моторикасын дамытады. Жетекшісі, тәрбиеші- Сәмкен Сымбат.
«Робототехника» үйірмесі- балалардың ұшқыр ойының дамуына, сабырлылық пен ұсақ қол моторикасының дамуына зор әсерін тигізеді. Жетекшісі , психолог- Амангельдинова Динара Болатжановна. Балалар үйірмеде өздерін еркін ұстап, алға қойған мақсатқа жетудің қырларын құрастыру, дәлдеу әдістері арқылы жүзеге асырады.
«Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң.» деген екен ұлы Абай атамыз. Осы орайда бала тәрбиесіне түбегейлі болашақтың заманауи технологияларына сене отыра, өз ұлттық құндылықтарымызды да ұмытпағанымыз жөн. Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ-ертеңгі жарқын болашағымыздың кепілі.