балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

«Жарқын болашақ» атты экофестиваль өтті

0.0/5 rating (0 votes)
«Жарқын болашақ» атты экофестиваль өтті
17.04.18

2018 жылдың 11-сәуірінде Астана қаласының №63 «Әсем-Ай» балабақшасы ұйымдастырған Оқушылар сарайында «Жарқын болашақ» атты экофестиваль өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіліп отыр. Бұл шығарылатын өнімдердің үлесін арттыруға, оларды қайта өңдеу тереңдігін меңгеруге, сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді» деген екен.

eco-25
eco-24
eco-23
eco-22
eco-21
eco-20
eco-19
eco-18
eco-17
eco-16

Sub galleries

    Экофестивальдің мақсаты: «Балалардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға баулу»

Экофестивальге қатысқан қонақтар: Курманбаева М.Ж.- «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, Сатыбалдиева Г.К.- С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Экология» кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абсеитов Е.Т.- Л.Н.Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, техника ғылымдарының кандидаты, Бадел А.Б.- «Профи Едюкейшн» кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру оқыту әдістемелік орталығының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, Есергепов Т.Р.- TAU INNOVATIVE SOLUTIONS компаниясының директоры, «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Искакова Г.К., №84 «Кәусар» балабақшасының меңгерушісі Базарбай Д.А., №73 «Аяулым» балабақшасының әдіскері Омарова А.Ш., тәрбиешілер мен балабақша ата-аналары шақырылды.

     «Табыс алаңы» кластер аясында өткізілген бұл фестивальде қарастырылған мәселенің бірі- мектепке дейінгі ұйымдарда экологиялық мәдениетті қалай жетілдіруге болатыны жайында тақырып кең көлемде ашылды. Өсіп келе жатқан жас жеткіншіктерге туған жердің табиғаты мен байлығын аялауды үйрету, оларды қорғауға  баулуды жүректеріне ұялату –біздің міндетіміз.

Экофестивальдің шымылдығын №63«Әсем-Ай» балабақшасының меңгерушісі Байботанова А.Ж. ашты. Аида Жұманқызы балабақшада экологиялық бағытта жасалынған жұмыстар жайында айтып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Кластер жұмысын әрі қарай жандандырып, өскелең ұрпақты табиғат ресурстарын қадірлеуді үйрету керектігін атап кетті.

Балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін ортаға салды. Музыка жетекшісі Андабаева Ж.Т. жетекшілігімен «Меруерт» мектепалды даярлық тобының қыздары «Гүл-көбелек» әнімен бастап, экофестивальдің сәнін аша түсті. Би жетекшісі Әмренова Н.В. биші қыздары «Жалын құс» биін билеп, ертегі әлеміне түскендей сезімде болдық.