балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

№63 "Әсем-Ай" балабақшасының тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерді құттықтады

0.0/5 rating (0 votes)
№63 "Әсем-Ай" балабақшасының тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерді құттықтады
08.05.19

9-мамыр Жеңіс күніне орай №63 "Әсем-Ай" балабақшасының тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтап, өздерінің  жүрек жарды лебіздерін білдіріп, ардагерлерге қонаққа барды. Құбылтас тобының тәрбиеленушілері соғыс ардагері Мамыров Сиқымбай атаға, Сутас тобының тәрбиеленушілері Тыл ардагері Руденко Нина Васильевнаға, Гауһар тобының тәрбиеленушілері Ахметова Нуршида апаға қонаққа барып, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтап, ән-жырдан шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті. Ардагерлеріміз соғыстың сұм жылдарын еске алып, бүгінгі бейбіт өмірдің балғындарын көріп, біраз марқайып, оларға өз баталарын берді.