балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз

0.0/5 rating (0 votes)
Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз
17.01.19

1. Сенің қолыңнан түк келмейді әкел, өзім жасаймын!

Мамандардың айтуынша, бұл баланы алдын ала сәтсіздікке байлайды. Ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Және алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады деп жаңа бастама алудан қорқады.

2. Ұста, тек тынышталшы!

Кей ата-ана бірнеше сағаттық «берші, алып берші» деген ыңылдауды көтере алмайды. Бірақ, ақыр соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата-ана өздері байқамастан, баланы ыңылдаумен сұрағанына қол жеткізуге, ал мамасының «жоғына» мән бермеуге жаман үйретеді.

3. Тағы да мұндайды байқасам – таяқ жейсің!

Қалыптасқан дағдыға сай, барлығы осы құр қоқан-лоққымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала босқа қорқақ болып өседі. Мұндай сөздер баланы ренжітіп, түсініспеушілік туғызады. Өз сәбиіңізді қорқытпаңыз. Бала белгілі жағдайда нені күтуге болатынын анық білу керек. Ал, үлкендердің кенеттен кеюі еш нәтиже бермейді.

4. Мен саған дереу доғар дедім!

Баламен бұлай дөрекі сөйлесуге болмайды! Бұл сіздің балаңыз ғой! Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан «доғарудың» орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз өз жайына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да, бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.

5. Сен мынаны түсінуге тиіссің!

Көптеген бала бұл сөз бен оның қыңқылдақ жалғасына кертартпалық көрсетеді. Бала мұндай ақыл айтуды түсінбейді,сондықтан сізді тыңдамай, ойын басқаға ауыстырады. Ал, бала сол сәтте беймаза, ренжулі не ашулы болса, сіздің сөздеріңіз тіпті қабылданбайды. Оның да адам екенін, белгілі бір уайымы, ойлап жүрген өз мәселелері бар екенін ұмытпаңыз, сондықтан сіздің ең дұрыс деген ақылыңызды да ол сол сәтте түсіне алмайды.