Жақында біздің балабақшамызда "Алтын күз" мерекесі аталып өтті. Оған балғындармен бірге ата-аналар қауымы да қатысты. Аталмыш мерекеге балалар үлкен дайындықпен келіпті. Кейбірі ән салып, би билесе, енді біреулері жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер айтып, өлеңдер оқып, мерекенің мазмұнын аша түсті.
.