БАСТЫ БЕТ. «Әсем-ай» балабақшасы \ Кеңес \ Логопедтің кеңесі \ Құрметті Ата-аналар! Дыбыстарды түзетуде ата-ананың рөлі
- Қарай көр, көршінің қызы Аружан ап-анық сөйлеп, тура сайрап тұр өзі, тіпті тоқтата да алмайсың! Ал біздікі ше, екеуі жасты болса да, аузына су жұтқандай түк айтпайды!
Ата – аналардан өз балалары туралы жиі естілетін әңгіме. Ал «аузына су толтырып алу» қайдан шығады? Бала тілінің уақтылы даму қалай көмектесе аламыз? Неге көңіл аударған жөн?
«Ауызға су толтыру» артикуляциялық аппараттың құрылымының бұзылу нәтижесінен болуы мүмкін: тістің дамуының ауытқуы, үстіңгі жақ тістерінің астыңғы жақ тісерімен сәйкес орналаспауынан және т.б. Бұндай жайтты болдырмау үшін ауыз қуысы жүйесінің дұрыс дамуына мән беріп, тіс дәрігері кеңесіне уақытылы жүгініп отырған жөн. Сондай – ақ дыбыстарды дұрыс айтпау, артикуляциялық аппараттың бұлшық ет тонусының дұрыс дамымауы салдарынан болуы мүмкін. Бұл кезде логопедтің және психоневрологтың кеңесіне жүгінген абзал.
Бала тілі еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан ересектер өз сөйлеу мәнеріне көңіл бөлгені өте маңызды, сөйлегенде асықпай, дыбыстар мен сөздерді анық және дұрыс айтқан жөн.
Ата – аналар көңіл бөлетін тағы бір мәселе, баламен сөйлескенде сөздерді бұрмалап, күнделікті қолданатын сөздер орнына түрлі дыбыс жиынтықтарын қолдануға болмайды. («бибика», «ляля», «ням-ням» т.б.) Бұл жайт бала тілінің уақтылы, сөздіктің дамуына кедергі жасайды.
Балаға үйде кітап, ертегі (әңгіме) оқығанда, суреттер қарағанда, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруін, ертегі (әңгіме) мазмұнын айтып беруін, суретте не бейнеленгенін баяндап беруін талап етіңіз. Егер бала қателесір жатса, оны түзетуге асықпаңыз, бала ойын әбден тыңдап алған соң, қате жерлерін түзетуге болады.
Жанұяда бала үлкендермен әңгімелескенде тек жаңа нәрселерді біліп қана қаймай, өз сөздік қорын байытып, сөйлемдерді дұрыс құрастырып, өз ойын ашық айта алатын жағдай туғызу керек.
Үй тапсырмасын орындауда бірқатар шарттарды орындау керек:
Баланы жиі мақтап отырыңыз, оның өз күшіне сенімділігін қалыптастырыңыз, жетістікке жету жағдайын ұйымдастырыңыз.