Ішек құрт ауруы-паразитарлық ауруға жатады. Ең көп таралғаны-домалақ құрттар. Бір қарағанда ұсақ паразиттер қауіпсіз көрінгенімен, ағзаны улайтыны есте болсын.Әсіресе олар сәби ағзасына тез еніп, өз туған мекеніндей орналасып алады.
Бұл адам денсаулығына, әсіресе бала ағзасына кері әсерін тигізеді.Алайда олардан тез арада құтылу амалдарын жасауға болады. Назарларыңызға балалардағы ішек құрт ауруының белгілері, емделу жолдары жөнінде ақпарат ұсынамыз. Ішек құртын жұқтыру өте оңай. Тіпті таза үй ішінің өзінде кез келген заттың беткі бөлігі бала үшін қауіпті. Алайда паразиттерді үй ішінен гөрі серуенде жүргенде, дүкенге барғанда, балабақшадан жиі жұқтырады.Көбінесе балаларда тексеру барысында жыланқұрт немесе үшкір құрт түрлері анықталады.
Ішек құрт ауруының басты белгілері: