БАСТЫ БЕТ. «Әсем-ай» балабақшасы \ Ата-аналарға! \ Баланың балабақшаға бейімделуі \ Балалардың балабақшаға бейімделуі
Баланың әлеуметтенуі қашан қайта басталады? Әрине бірінші отбасында және балабақша келгенде. Балабақша таныс емес үлкен адамдармен , балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын менгереді. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да , қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді , ойншықтарды ойынға қатыстырмайды.
Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептері: басқа адамға бұрын қалып көрмегендіктен, дәретке өзі отырып үйренбегендіктен, кейбір тағамдарды жеу дағдысы жоқ, мысалы қызылша, орамжапырақ , қатты тамақты шайып үйренбеген (құрттайнан) балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек. Көбінесе ата-аналар жқмыс тәртібін айтып , баланы күні бойы балабақшаға қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы мәселелер пайда болады.
Балаңызбен үйде сойлесесіз бе? Оны мақтайсыз ба , оны жақсы көретініңіз туралы айттыңыз ба? Ата-аналардың балаға эмоционалдық әсері кобінесе жағдайды қиындатады. Әр отбасында бейімделудің үш түрі бар, жеңіл түрі-баланың мінез-құлығы 10-15 күнде қалпына келеді . Орташа ауырлық бейімделу – 1 айдың ішінде , ауыр бейімделу – 2 айдан 6 айға дейін өтеді.
Қобалжулары қатты ата – аналардың балалары да балабақшаға қиын бейімделеді , өйткені ата - ананың қобалжуын көріп , баланың қорқынышы ұлғая бастайды. Осы кезде ата – ана балаға көмек беруі керек.
Ертенгілік қоштасуды жеңілдету тәсілдері:
Балаға анық түсінік беру керек. Бір рет болсын баланың дегенін істесеңіз әрі қарай баланы көндіру өте қиынға түседі. 2 – 3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс.Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдай көп өзгеріске түседі.Сондықтан кеңес береміз.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен бірге бөтен адамдарды жақтырмаса, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық өз құрдастарымен мейірімді болса балабақшаға келген күннен бастап ақ, үйреніп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медика – педагогикалық қызметі бақылауға алады.