балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Мемлекеттік қызметтер

Мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою туралы өтінішті беру қағидалары

Кезекке қою туралы өтініш электрондық нысанда ғана беріледі. Өтінішті беру процесінде өтініш беруші мынадай ақпаратты көрсетуге міндетті:

  1. қолданыстағы екі мобильді телефон нөмірі;
  2. заңды өкілдің ЖСН-і;
  3. баланың ЖСН-і.

Мобильді нөмерлер өтінішті беру процесінде бір реттік құпиясөздерді жөнелту үшін керек. Әрі қарай, кезекке қойғаннан кейін, нөмірлер өтініш берушінің жеке кабинетін құру және іске қосу эәне электрондық хабарламаларды жөнелту үшін қолданылатын болады.

Кезекке қою туралы өтініш жай және түзеу кезегіне берілуі мүмкін. Жай кезек жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдану үшін қолданылады. Түзеу кезегі ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қабылдануына арналған.

Қазақстан Республикасының аумағында бір баланың жай кезекте бір ғана өтініші болуы мүмкін. Және түзеу кезегінде де бір ғана өтініші болуы мүмкін. Бұл ретте, бір мезгілде екі өтініштің болуына рұқсат етіледі: бірі – түзеу кезегінде, екіншісі – жай кезекте.

Егер бала мектепке дейінгі ұйымға барып жүрген болса да, кезекке қою туралы өтінішті қайта беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте, егер баланың жасы 6 (алтыға) толған болса, кезекке тұруға болмайды.

Кезекке қою туралы өтініш берген кезде баланың тұрып жатқан жері маңызды емес.

Кезекке қою туралы өтінішті беру құқығы баланың заңды өкіліне ғана тиесілі: ата-анасына немесе заңды өкіліне (қамқоршысына). Өтініш беру және бала туралы мәліметтер баланың және заңды өкілінің ЖСН-дері бойынша автоматтық түрде «электрондық үкіметтің» жүйелерімен ұсынылады. Заңды өкілдерінің туыстық байланысы мен құқықтары да автоматтық түрде айқындалады.

Егер «электрондық үкіметтің» жүйелерінде қажетті ақпарат болмаса немесе ол дұрыс емес болса, өтініш беруші мәліметтерді жаңалау үшін уәкілетті органдарға жолығуға тиіс.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын өтініш берушілер, ЖСН-дері болған жағдайда ғана, кезекке қою туралы өтінішті бере алады.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын балаларды ЖСН-дері болмаса да, кезекке қоюға болады. Бұл жағдайда өтініш беруші баланың туу туралы куәлігінің скан-көшірмесін қосуға тиіс. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балалардың ЖСН-дері міндетті түрде болуға тиіс.

Бала, кезектен тыс немесе бірінші кезектегі жеңілдігі расталған жағдайда, кезектегі жеңілдік орынға үміткер бола алады. Егер жеңілдіктері болса, жүйе бірінші кезектегі жеңілдіктедің болуын автоматтық түрде айқындайды. Кезектен тыс жеңілдікті растау үшін өтініш беруші тиісті құжаттың скан-көшірмесін ұсынуға тиіс.

Түзеу кезегіне өтініш беру үшін өтініш беруші ПМПК-нің жолдамасының скан-көшірмесін ұсынуға тиіс.

Кезекке қойылғаннан кейін электрондық өтініштің мынадай мәліметтері электрондық кезекті басқару жүйесінің уәкілетті интернет-порталында жалпыға қолжетімді болады:

  • кезек нөмірі;
  • өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
  • баланың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
  • өтінішті беру күні мен уақыты;
  • мектепке дейінгі ұйымнан орын алу үшін кезектен тыс немесе бірінші кезектегі басымдықтың бар-жоғы.

Кезекке қою туралы электрондық өтінішті бере отырып, өтініш беруші:

  • көрсетілген қағидалардың барлығымен, кезекке қою және мектепке дейінгі ұйымға балаларды қабылдау саласындағы қолданыстағы заңнамамен келіседі және қарсы еместігін растайды;
  • ұсынған мәліметтердің дұрыстығына және қолданыстағы заңнамамен танысқанына не таныспағанына қарамастан өтінішті беру қағидаларын сақтауына жауаптылықта болады.

Қызмет indigo.nursultan.e-orda.kz порталы, сонымен қатар egov.kz порталы ("Мемлекеттік көрсетілетін қызмет" бөлімінде), және indigo24.kz порталы арқылы көрсетіледі. 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

"Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Кезекке тұру үшін қайда жүгіну керек

Мектепке дейінгі ұйымға қалай тіркелуге болады

Индиго арқылы кезекке тұру үшін қалай өтініш беруге болады

Жауапты тұлға: Оспанова А.Ш.

Тел:  87079607588, 87172402094

 

Жауапты тұлға: Аширова М.А.

Тел:  49-75-91, 87011820211

Asemaj.v@mail.ru

Жұбан Ана көшесі, 10 үй, Нұр-Сұлтан қаласы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №63 «Әсем-Ай» балабақшасы»