балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

«Green peace» кластерінің аясында өткізілген «ЕСО-аялдама» атты қалалық шебер сынып өтті

0.0/5 rating (0 votes)
«Green peace» кластерінің аясында өткізілген «ЕСО-аялдама» атты қалалық шебер сынып өтті
10.12.19

№63 «Әсем-Ай» балабақшасында 10 желтоқсан 2019 жылы «Green peace» кластерінің аясында өткізілген «ЕСО-аялдама» атты қалалық шебер сынып өтті.
Іс-шараның мақсаты: кластер жұмысының тиімділігін арттыру, мектепке дейінгі ұйымдағы экологиялық тәрбиені жүзеге асыруда интеграцияны оқыту мен тәрбиелеу жұмысында қолдану.

Шебер-сыныптар төрт аялдамаға бөлініп өткізілді

«Ecocreative» аялдамасында «Табиғатпен сырласу» атты шебер сыныбын Воскобович технологиясын қолдана отырып, төрт жыл мезгіліне бөле отыра, оны бала қиялына ұштастыру. Тәрбиешілер: Баишева А.М.,Несипбаева С.С.,Тажибаева Б.К

«Ай мен Күн» атты балалардың сюжеттік рөлге бөліне отырып театр қойылымен жалғасты. Тәрбиеші:Аманбаева П.

Дене шынықтыру мұғалім:Кусаинов Е.Ж.«Тау шыңы» аялдамасында скалодром үйірмесінің балалардың шыңды бағындырып ой өрісін бірге дамытып шынығуын көрсетті.
Wordshop "Асылтастар аялдамасында"«Гауһар», «Зүбаржат» тобының эковолонтер ата-аналармен балалардың №63 «Әсем-Ай» балабақшасының топтарының аттары асыл тастарын зерттеу жүргізіліп, асыл тастардан әшекей бұйымдар жасап, ата-аналар зерттеу жүргізген видеобейнежазбаны тамашалады.Психолог Батанова А.А. «Литотерапия» мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасауда дәстүрлі емес әдістердің бірі литотерапия пен таныстыру, тастармен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру оның пайдасы жөнінде айтылды.

«Құмды өрнектер» аялдамасында құм терапиясымен таныстыра отырып, интерактивті құммен жұмыс жүргізу барысымен таныстырды. «Асыл тастар құпиясы» атты шебер сыныбында балалармен ата-аналардың асыл тастарды қолдана отырып, әшекей бұйымдар жасады. «Гауһар» тобының эковолонтер ата-аналарымен тәрбиеші Шамуратова Х.

Тәрбиеші Ашикова Т. «Сылдырайды мөлдір су» аялдамасында судың қасиетін көрсете отырып, гидропоникада өсімдіктердің өсуін бақылады.

Психолог:Сулейменова С. «Шеңбер тізбегі» атты психологиялық ойын жаттығулар көрсетілді. Сондай-ақ, №68 "Балбұлақ" серіктес балабақшамыздың тәрбиеленушілері мен педагогтары "Қоқыс патшалығы" туралы театрландырылған қойылымын қойып, көрермендерге қоқыстың зияны жайында, үлкен ой тастады. Тәрбиелік мәні бар қойылым көрсетілді.Сөз соңында, кластер жұмысына қатысқан педагогтар ой бөлісіп, "Ecoland" атты тренинг жүргізіліп, қонақтарға фито шай ұсынылды.