балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Энергия үнемдеу жөніндегі ІІ халықаралық форумы өтті

0.0/5 rating (0 votes)
Энергия үнемдеу жөніндегі ІІ халықаралық форумы өтті
30.11.19

2019-жылдың 29-қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Энергия үнемдеу жөніндегі ІІ халықаралық форумы өтті.

Аталмыш іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастырумен қаламыздың экологиялық бағытта жұмыс жасайтын 30-дан астам балабақшалары қатысты. Күннің бірінші жартысында, №77 "Қошақан" балабақшасында "Мектепке дейінгі жастағы балалардың экологиялық әдеттерін кластераралық бағытта қалыптастыру" атты тәжірибе жинақтауға бағытталған республикалық семинар өткізілді. Балабақшадағы экологиялық бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыра отыра, ұйымдастырылған оқу қызметтері жүргізілді. "Экологиялық көлік", "Өз қалаңды аяла", "Пластикалық бөтелке оқиғасы" т.б түрлі ісшаралар өткізілді. Ата-аналармен жұмыс, бау-бақша, гидропоника жұмыстары таныстырылды. Содан кейін, келген педагогтар Энергия үнемдеу жөніндегі ІІ халықаралық форумына қатысты.

Бұл форум Халықты еліміздегі энергия үнемдеу саласындағы барлық жетістіктер туралы хабардар ету және халықаралық деңгейдегі салалық сарапшылармен энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Халықаралық энергия үнемдеу күніне орайластырылған негізгі қорытынды ісшара болды.Энергия үнемдеу саласындағы ақпараттық хабардылықты арттыру бастамалары:жастарға үміт арту панельдік сессиясында Соловьева А.-" Экологиялық ұйымдар қауымдастығы " ЗТБ Басқарма төрайымы, Немцан Т.Н.-экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері жөніндегі сарапшы, "Ақбота"ҚҚ директоры, Абаканов Е.-" Экологиялық ұйымдар қауымдастығы " ЗТБ Басқарма төрағасының орынбасары, Дарбаева М. -"Алтын бесік" балабақшасының директоры, Петропавл қ., Байтәжікова Қ.-№73 мектеп-лицейінің директоры, Нұр-Сұлтан қ., т.б спикерлер қатысып, пікірталас жүргізілді. Green Peace кластеріндегі жұмыс жасайтын балабақшалар үшін өткізілген ісшара құнды жаңалықтарға толы болды.