балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

«Үздік жас маман» қалалық конкурсы өтті

0.0/5 rating (0 votes)
«Үздік жас маман» қалалық конкурсы өтті
04.11.19

  2019 жылдың 31-қазанында Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Білім басқармасы мен «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен «Үздік жас маман» қалалық конкурсы өтті. Сайыстың мақсаты: жас мамандар арасынан талантты және шығармашыл педагогтарды анықтау.

  Аталмыш сайысқа №63 «Әсем-Ай» балабақшасының ән-күй жетекшісі Қадыр Жандос қатысты. Сайыс кезеңдерінде  өзінің педагогикалық іс-тәжірибесін шебер көрсетіп, логикалық сұрақтарға жауап беріп, педагогикалық шеберлігін көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша Қадыр Жандос ІІІ орынды қанжығасына байлады.  «Жас келсе-іске» демекші, әріптесіміз Қадыр Жандосты шын жүректен құттықтаймыз!