балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Астана қаласының Hilton қонақ үйінде І Халықаралық Энергия үнемдеу Форумы өтті

0.0/5 rating (0 votes)
Астана қаласының Hilton қонақ үйінде І Халықаралық Энергия үнемдеу Форумы өтті
10.11.18

2018 жылдың 9 -қарашасында Астана қаласының Hilton қонақ үйінде І Халықаралық Энергия үнемдеу Форумы өтті. "GREEN PEACE" кластері бойынша Астана қаласының білім беруді жаңғырту орталығы мен Астана қаласының Білім басқармасының қолдауымен біздің балабақшамыз аталмыш іс шараға қатысты.

 

10-forum
09-forum
08-forum
07-forum
06-forum
05-forum
04-forum
03-forum
02-forum
01-forum

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының төрағасының орынбасары Нецман Татьяна Николаевна "Бірге жарқырайық!" "Вместе ярче!" экофестивалінің қорытындысын айтып, Қазақстанның әр қаласында бұл шараның қаншалықты көлемді форматта өткенін айтып кетті.

Ресей мемлекетінің жастары да бұл шараны өздерінде қалай өткізгендерін атап кетті.

Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда өсіп келе жатқан жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің маңызы жайында Орал, Ақтөбе, Сәтбаев, Павлодар қалаларынан келген әріптестеріміз өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тіпті арнаулы орта мен жоғарғы оқу орындарында экологиялық тәрбиенің қаншалықты жүзеге асатындығы жайында Түркістан, Тараз т.б қалаларынан келген қонақтарымыз өз жұмыстарын ортаға салды. Форум жоғары деңгейде өтті.