балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні орай мақал-мәтелдер ұсынамыз

0.0/5 rating (0 votes)
1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні орай мақал-мәтелдер ұсынамыз
19.03.20

Құрметті ата-аналар! Балалармен бірге мақал-мәтелдер жаттайық!

1 Мамыр - Бірлік, Ынтымақ күні орай мақал-мәтелдер ұсынамыз. 

Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді;

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді.

Тозған қазды

Топтанған қарға алады.

Ынтымақ түбі –игілік,

Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Ағайын тату болса – ат көп,

Абысын тату болса – ас көп.

Теңге – тиыннан,

Ынтымақ – ұйымнан.

Ынтымақ түбі — игілік.

Екі құзғын таласса,

Бір қарғаға жем болар.

Көнектен шошынған бие оңбас,

Көптен бөлінген үй оңбас.

Бір жеңнен қол шығар,

Бір жағадан бас шығар.

 

Қырық кісі — бір жақ,

Қыңыр кісі — бір жақ.

Көптеген жау алады,

Көмектескен дау алады.

Күшенген жеңбейді,

Күші көп жеңеді.

Ынтымақ — бұзылмайтын қорған,

Қосылып еккен ағаш — орман.

Біреуің бас, біреуің аяқ бол,

Біреуің құйрық, біреуің қанат бол.

Аздың азаншысы болғанша,

Көптің қазаншысы бол.

Күш — бірлікте.

 

Саусақ бірікпей —

Ине ілікпейді.

Ауыл болса — қауым бол.

Аз да бітер, көп те бітер,

Татулыққа не жетер?

Біршілік болмай — тіршілік болмайды.

Ұйымдасқан ұтады.

Тоқтығында жараспаған,

Аштығында қараспайды.

Қосылғанның — қолы ұзын,

Қос керуеннің — жолы ұзын.

 

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Қол жұмылмай — жылынбайды.

Ынтымақ жүрген жерде,

Ырыс бірге жүреді.

Құрама жиып ел өткен,

Құрақ жиып шөп еткен.

Ұйымдасқан ұтады.