балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Үлкендердің сөйлеу тілі баланаң сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді

0.0/5 rating (0 votes)
Үлкендердің сөйлеу тілі баланаң сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді
22.05.17
  • Үлкендердің сөйлеу тілі баланаң сөйлеу тілінің дамуына әсер етеді;
  • Баламен тамақ пісіріп жатқан кезде, үй жинап, баланы киіндіру, шешіндіру кезінде, ойын мен серуендеу сияқты іс-әрекет ету барысында әрдайым сөйлесу керек;
  • Өзіңіздің немесе балаңыздың және басқа біреудің әрбір іс-әрекетін, көзімен көргенін айтып түсіндіріп отырыңыз;
  • Балаға айтқан сөзіңіз қысқа, нақты әрі түсінікті болуы керек;
  • Балаға нақты сұрақ қойыңыз және баладан өзінің жауап беруін талап етіңіз;
  • Бала сөйлер кезде және сұраққа жауап берер кезде асықтырмаңыз;
  • Неше түрлі дыбыстар мен шуларды балаға тыңдатыңыз, «Бұл не?» немесе «Ненің дыбысы?» деген сұрақ қойыңыз, мүмкін бұл көліктердің дыбысы, иттің үргені, желдің шуы болар;
  • Балаға қысқа әңгімелер мен ертегілер айтыңыз және тыңдағанын сұрақ, сурет арқылы сізге немесе басқа адамдарға айтып беруін талап етіңіз;
  • Баланың сөздік қорына күніне бір сөз айтсаңыз да (ойыншық, азық-түлік, дене мүшелер) жеткілікті.
  • Баланың мүмкіншілігін әрдайым ескере отырыңыз;
  • Егер бала бір сөзді айтып үйренсе, сіз әрі қарай сөз тіркесін айтуға үйретіңіз мысалы: бала «доп»- деді, ал сіз «қызыл доп немесе үлкен доп»-деп қосасыз;
  • Баламен «бала тілінде» емес «Үлкендердің» тілімен «ДҰРЫС» сөйлесіңіз;
  • Балаға «Сенің айтқаның ДҰРЫС ЕМЕС» деген сөзді айтпаңыз, ол баланың ынтасын түсіреді. Керісінше баланың баланың қате айтқанын «ЖАНАМА» түрде түзетіңіз;

Сөйлеуінде қиындықтары бар балалардың ата-аналарына нені білу керек:

  1. Әр жаста баланың  оқу түрлерін қабылдауы әртүрлі болады;
  2. Кеш сөйлеу жалпы  психикалық дамуында да көрініс табады: қабылдау, ойлау,  зейін, есте сақтау, жұмысқа қабілет;
  3. Тілінде мүкістігі бар балалардың мінезінде де өзгерістер болады: тұйықтық, ұялшақтық, аз сөйлеу, сөздерін жеңілдетуге арналған түрлі қулықтарға бару;
  4.  4. Қиындықтарын жеңуде сәтсіздікке ұшыраған балалар өздерін қор санап, күйзеліске түсіп, мазасыз келуі мүмкін;
  5. Сөйлеу тілінде мүкістігі бар  балалардың  жалпы дискоординациясында, іс-әрекеттерінде де тежеліс болады;
  6. Ойын дұрыс жеткізе алмағандықтан,  құрдастарымен ортақ іс-әрекеттері бұзылады. Балаға ойынның ережелері, мазмұны түсінікті болса да, олардың алдында күлкілі болып көрінуге қорқады,
  7. Кейбір балалардың ойыншықпен алдануы ойынға ұқсамайды, мағынасыз келеді;
  8. Бала кезде  дыбыстарды түзетпеу баланың жазуы мен оқуына кері әсерін тигізеді;
  9. Жоғары сыныпта  түзетілген  дыбыстарды сөйлеуге қосу өте қиын;