балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Баланы еңбекке баулу

0.0/5 rating (0 votes)
Баланы еңбекке баулу
13.09.17

Астана қаласындағы №63 «Әсем-Ай» балабақшада, Аида Жумановна Байтанованың басшылығымен, күнделікті өмірде кездесетін қарапайым еңбек түрлері арқылы балалардың ұжымда жұмыс істей білу, қамқоршылық, жауапкершілік, ұқыптылық сияқты дағдылары дамуда. Біздің балабақша ауласында тәрбиешілердің бақылауымен балалар көшеттер отырғызды.

Ересектер тобының балалар бұл өсімдіктер қамқорлығына алды. Балалар өсімдіктерді өздері күтеді, олардың өсуін бақылайды, өз еңбектерінің жемісіне қуанады. Ақылмен ұйымдастырылған еңбек баланың денсаулығын және физикалық күшін нығайтады, балалардың жағымды жеке қасиеттерін қалыптастырады.

Еңбектің көмегімен балалар табиғаттың сұлулығын таниды, бақылаушылық дамытады және жеке дағдыларын жетілдіреді. Балалар табиғаттың заңдылықтарын, олардың арасындағы байланысты немесе өзге де құбылыстар байқауға үйренеді. Балалардың ой-өрісі кеңейеді, дербестігі артады.

«Мәрмәр» топтың тәрбиешісі- Құрманбаева Гульнафис.