балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Алты жаста тірек – қозғалыс аппараты қалыптасуын жалғастырады

0.0/5 rating (0 votes)
Алты жаста тірек – қозғалыс аппараты қалыптасуын жалғастырады
17.01.19

Алты жаста тірек – қозғалыс аппараты қалыптасуын жалғастырады. Бұл үрдістің нәтижесі сымбат болып табылады. Мүсін - бұл адамның өсу және даму барысындағы қалыпты жағдай, ол дененің қозғалысты және қозғалыссыз жағдайында еріксіз жүзеге асады. Әсіресе омыртқа жотасын ұстауда маңызды арқаның ұсақ бұлшық еттері дамуы әлсіздеу.

Сондықтан сабақ кезіндегі дене қалпы дұрыс болмауы тірек – қимыл аппаратының бұзылуына әкеледі.гигиеналық норманы сақтамау, денені ұстау қалпы, дене жүктемелерінің жасына сай болмауы, мүсіннің бұзылуына әкеп соқтырады. Олар мойын омыртқасы, бел және кеуде омыртқасы майысуының шектен тыс немесе болмауы арқылы көруге болады. Байыпты ауытқушылық сколиоз, онда омыртқаның майысуы жылжып кетуімен , қисаюы және омыртқа деформациялануымен қатар келеді.

Мүсіннің кемшілігін емдегеннен гөрі ескерткен жеңілдірек болады. Мүсін бұзылуының алдын алу екі бағытта жүзеге асады - гигеналық жағдайды жасау оңтайлы және тәрбие жұмысын жүргізген дұрыс болады.

1 – 10 –ға дейінгі жаттығу түрегеп тұру арқылы жүзеге асады:

  1. Жүру

а) бір орында;

б) аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру;

в) өкшелеп жүру, қол мойында.

Біз мүсінді тексердік

Жауырынды айқастырдық.

Аяқ ұшымен жүреміз,

Өкшемізбен жүреміз.

  1. Мысық

Күннің көзі тиді мысыққа,

Мысық тәтті тартылды.

  1. Өзін – өзі түзету

Сапқа тұру. Бір- солға қарау, екі – оңға қарау. Түзелу.

Тура қарау, тереңінен, дұрыс демалу.

Солға қарау, оңға қарау.

Арқамыз түзу,

Ал мүсініміз – жоғарғы!

  1. Шыршалар

«Шырша» - аяқтың ұшымен, қолды жоғары көтеру.

«Шыршалар»- қолымыз екі жақта, табанымыз еденге тиеді.

«Шыршатайлар» - отыру, қолды алға созу.

Арқамызға назар аударамыз, арқамыз түзу.

Орманда үш сөре бар.

Шырша- шыршалар- шыршатай

Шыршаларда -аспан,

Шыршада -құс үні

Шырша түбі – шық.

  1. Шегірткелер

Арқамыз түзу, қолымыз белімізде.

Иығымызды түзейік,

Шегірткеше секіріп!

Прыг –скок, прыг –скок!

Отырамыз шөп жейміз,

Тыныштықты тыңдаймыз.

Биік, биік, биік!

Секірей жеңіл біз

Аяғымыздың ұшымен!

  1. Көкқұтан

Арқамыз түзу, қолымыз белімізде. Балалар ырғақты түрде тізеге дейін аяқтарын жиырып бірде оң аяғын, бірде сол аяғын көтереді, ырғақты түрде түсіреді. Арқамызды бақылаймыз.

-Аяғы ұзын көкқұтан,

Жол көрсетіп ұпай ұтқан.

Көкқұтан жауап береді:

- Оң аяқпен басамыз,

Сол аяқпен басамыз,

Тағы да оң аяқпен

Тағы да сол аяқпен

Тағы да бір оң аяқпен

Тағы да бір сол аяқпен

Енді келдің үйіңе.

  1. Қысқы жаттығулар

Дене және қол қалпын бақылаймыз.

Мықты, епті болу үшін,

Жаттығуға кірісеміз.

Дем аламыз мұрынмен,

Шығарамыз ауызбен

Дем аламыз терең

Орында жасап қадам

Ауа қандай тамаша!

Көбік қардан қорықпай

Қағып алып қол соқты – ау

Тігіспенен қол кетті

Бәрімізге қар жетті.

Біз енді серпуші

Дұшпан бізден қашып кетті.

Қолыңменен лақтыр

Нысананы таптыр.

  1. Қаздар қаңқылдайды

Бастапқы қалып (б. Қ.)- аяқ жеке, қол арқамызда.

1- Алға қарай еңкейіп, басымызды көтеріп , «ш-ш-ш» деп айту.

2- Б.қ.

3- Тағы да еңкею, қол жанымызда- артқа.

4- Б.қ.

Жаттығуды 5 рет қайталау.

  1. Бұрылып қарау

Б.қ. – аяғымызды сәл жылжыту, қолымыз басымызда.

1 – 2- оңға бұрылу, оң қолымызбен сол жақ табанымызға тигізіп, «хлоп» деп айту.

3-4- б.қ.

Басқа жаққа қарап 4 рет қайталау.

  1. Тепе – теңдік

Мұғалім балаларға өздерінің мүсіндерін бақылауды ұсынады. Жаттығу отырып та, тұрып та жасалынады.

Бала түзу отырады, иығын түзейді, басына дәптер немесе кітап қояды. Затты басында құлатпай ұстап тұру арқылы онға дейін санайды.

11 . Кетіп бара жатырмыз

Жаттығу отырып жасалады. Арқамыз орындық арқалығына тиіп тұрады. Қолдары арқылы балалар кетіп бара жатқан көліктерін бейнелеп көрсетеді.

Атпен бардық,

Бұрышқа жеттік.

Машинаға отырып

Жанармайды құйып

Өзенге жеттік.

Трр! Тоқта! Айналым!

Өзенде – кеме.

Кемемен келдік

Тауға тірелдік.

Кеме жүрмейді,

Ұшақ керек

Ұшақ ұшады,

Мотор гуілдейді: «у-у-у!»