балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Таза ауадағы қимылды ойындар

0.0/5 rating (0 votes)
Таза ауадағы қимылды ойындар
17.01.19

Баланың дене бітімін тәрбиелеудің негізгісі – таза ауадағы қимылды ойындар. Ата-аналар мұндай ойындардың дамытушылық мағынасын кей кезде аса бағаламайды, олар соқыртеке, тығылмақ, секіріп ойнайтын ойындар, доппен және секіргішпен ойнайтын сияқты.

Ойын ойнағанда бала өзінің ерік-жігерін және ерлігін сезеді, мысалы, ағашқа шыққанда, жоғарыдан секіргенде, жыралар мен шалшық сулардан секіргенде. Әрине осы кезде ол жиі үйге қожалақ және малмандай су болып келеді. Мұнымен кім таласады: баланы жастан ұқыптылыққа, тазалыққа, заттарға құнттылықпен қарауға үйрету керек, бірақ оның ойын ойнау мүмкіншілігінен айыру бағасымен емес. Жиі кездерде өкінішке орай анасымен және әжесімен серуенге шығу, бала үшін жұлқып-түртуге айналып кетеді. Мұның бәрі әрине ең жақсы себептерден туындайды.

Бұл жерде үлкендердің ылғи да ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені істеуге болатынын, не істеуге болмайтынын білеміз деген сенімдері бар ғой, ол әр кезде дұрыс емес. Баланың өзінің ерік-жігері бар, шектелген болса да, өзінің жеке жеткізген жетістіктері мен құрдастар арасындағы табыстарынан тәжірибесі бар.

Ал кейбір кездерде үнемі беретін тыйым салулармен кері әсерді алуға болады: сіз жоқ кезде, бала өзінің «ерліктерін» жасауға тырысады, яғни сіз оны тек тоқтата алатын жағдайдан айырылған кезде, тіпті сақтандыра алмай қалатын кезде.

Біз барлығымыз біздің балаларымыз сенімді, күшті, өктем болғанын қалаймыз.Бұл сапалы мінездер мектепке дейінгі шақтан бастап қалана бастайды, сондықтан олардың дамуы үшін қауіптің әжептәуір бөлігі қажет. Балаларға, әсіресе ұл балаларға қауіпке бару құқысын беріңіз. Кез келген, тіпті кішкентай жеңіске жеткені оның құрдастарының арасындағы мәртебесін көтереді.

Баланың қозғалуына, ойнауына, белгілі шекпен еркелік көрсетуіне тыйым салу – балалық шақ қызықтарының бөлігін алып тастау деген сөз.